Музей - еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Музейдің басты қызметтері: имидждік, ғылыми-инновациялық, тәрбиелік және білім беру.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі

Музейдің ашылу салтанаты 2009 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келу сапарымен орайластырылды.

Музей аумағында қоғам және университет өміріне қатысты танымдық-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттемелік, инновациялық қызметтер жемісті жүзеге асырылуда.

Экспозициялық кешеннің жалпы ауданы 1000шаршы метрді құрайды. Ол негізінен - Тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттiң тұрақты дамуы деп аталатын залдардан тұрады.

 

Қазақстан палеолит мұражайы

2000 жылы желтоқсан айының соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдері аумағында тұңғыш рет Қазақстан палеолит мұражайы ашылды. Тұсаукесер рәсіміне ҚазҰУ-дың, Қазақстан Ғылым академиясының белгілі ғалымдары мен Орталық мемлекеттік мұражайдың, ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысып, үлкен ыкылас білдірді. Мәселен, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі К. Байпақов бұл мұражайдың тек тас құралдарына арналғанын, X. Алпысбаев, А. Медоев және Ж. Таймағамбетов коллекцияларының негізінде жасалғанын, мұндай дүние ТМД-да жоқ екенін атап көрсетті.

 

әл-Фараби Университетінің Биология мұражайы

Университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Қазіргі мұражай 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерей той қарасаңында ашылды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай. Бұл мекеме университеттің Phd, магистранттар мен бакалаврлар пайдаланатын ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту орталығы.

 

Археология мұражайы

Биылғы жылы ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығымен қатар әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетіндегі «археология және этнология кафедрасына» 40 жыл толып отыр. Кафедра осы қырық жылдық ғылыми, педагогикалық ғұмырында ұшан теңіз еңбектер атқарып, мыңдаған ғылыми мамандарды дайындап шығарды. Кафедра еңбегінің жемісін қазіргі таңда жалпы тарих ғылымы мен археология және этнология салаларында табысты еңбек етуші ғалымдар көшінен байқауға болады.

Ерте және орта ғасыр Қазақстан археологиясы мұражайы