Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының қол жетімді  электронды қоры

 

Әл-Фараби кітапханасы – қаланың әдемі аудандарының бірі, «ҚазҰУ қалашығы» атымен танымал әсем кампуста орналасқан

еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі.

1934 жылы университеттің құрылуымен қатар жұмыс істей бастаған кітапхананың барлық қызметі университеттің оқу және 

ғылыми үдерістеріне сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуге, нәтижелілігіне, ұстанымының мықты болуына, 

университеттің имиджіне және инновациялық деңгейінің беделді болуына, элиталық университеттер кітапханаларының 

қызметін көрсетуіне сәйкес бағытталған.

 

2012 жыл әл-Фараби кітапханасының тарихында ерекше жағдай, яғни Орталық Азиядағы бұрын-соңды болмаған жаңа

технологиялық, коммуникациялық шешімдермен орайласқан шығыс стиліндегі элементтерімен ерекшеленетін заманауи

ғимаратқа көшумен есте қалды. Кітапханада 1934 жылы 6194 дана кітап болса, қазіргі уақытта 2 миллионнан аса кітап

қоры бар. Жылдан-жылға кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылады. Кітапханамыздың ақпараттық 

инфрақұрылымында университетіміздің оқытушы-профессорларының ғылыми еңбектері, оқулықтар, монографиялар, 

диссертациялар, классикалық көркем  және педагогикалық әдебиеттер, сирек кездесетін кітаптар және XVI-XIX ғғ. 

қолжазбалар, дәстүрлі және электронды тасымалдаушыдағы реферативті журналдар, 300 мың дана мерзімді басылымдар

жинақталған.

 

 

Қорда сирек кездесетін әдебиеттер – 14306 дана, соның ішінде ескі орыс тілінде – 11370 дана, шетел тілінде – 2154 дана, ерекше

пішіндегі – 782 дана кітаптар, авторефераттар мен диссертациялар, сонымен қатар, мағынасы өте қызық дін туралы Құран мен

Библия және т.б. сақталған.

Кітапхананың жалпы аумағы – 17856 шаршы метр. Оның құрылымында 11 абонемент, 780 орынды 1850 шаршы метрлік классикалық

оқу залдары, көпшілік шаралар өткізуге арналған (кездесу, диспут, дөңгелек үстел) Ғалымдар клубы, авторефераттар және 

диссертациялық жұмыстармен тұрақты толықтырылып отырылатын Магистранттар залы, жеке және топпен жұмыс жасауға арналған

залдар, мерзімді басылымдар залы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

 

 

Кітапхананың өзінің 1800 шаршы метрден асатын аумағы бар, әртүрлі көрмелер ұйымдастыруға арналған 300, 80, 60, 50 орынды 

4 конференц-залдары, 270 орынға арналған Электронды кітапхана жұмыс істейді. Бұл залда мультимедиалық, ғаламтормен жұмыс

жасау, графикалық бағдарламалармен, электронды ресурстармен, жеке ноутбуктармен жұмыс істеуге арналған аймақтары бар.

 

 

Оқырмандардың тиімді демалуларына арналған коммуникациялық-релаксациондық аймақтарға қосылған 75 орындық асханасы   бар.

Кітапханада Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражайы, ұлы ғұламаның ғылыми-

ағартушылық мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби Орталығы орналасқан.

Бүгінгі таңда, кітапхана университеттің ғылыми форумдар, конференциялар, тренингтер, халықаралық және республикалық деңгейдегі

іс-шаралар өткізетін негізгі мәдени-ақпаратты білім орталығы. Күнделікті өмірде де, мереке күндерінде де әл-Фараби кітапханасы 

«Al-Farabi University Smart city» моделіне лайық болу үшін оқырмандардың мәдени ақпараттық қажеттілігін қолдай отырып, көлемді 

әрі мәнді ақпараттарға қол жеткізулеріне жағдай жасайды!