Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Жолдасбеков У.А атындағы студенттер сарайы 1998 жылы қаңтар айында ашылды.  ҚазҰУ-дың Студенттер сарайы - 1620 орны бар, 14290 м2. ауданды ерекше кешен. Студенттер сарайының басты міндеттерінің бірі - студенттер мен жастардың әртүрлі мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, өзіндік шығармашылықтарын дамыту. Студенттер бос уақытын Қазақстандағы ең әдемі концерт залдарының бірі - У.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы көркем-өнерпаздық үйірмеде өткізеді.

Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени шаралар, концерттер, айтыстар, КТК өтеді. Студенттер сарайында жас таланттардың сахнада ашылуына, өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін «Бақыт» би ансамблі, студенттік драмалық «Біз» театры, "Фараби сазы" атты халық аспаптар оркестрі бар. 

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында: би үйірмесі, театр үйірмесі, вокал үйірмесі, оркестр үйірмесі сынды студенттік көркем үйірмелер бар.

Студенттер сарайының студенттік клубы және әкімшілігі күнделікті 9.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (жексенбіден басқа күндері).

Қазіргі таңда У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының шығармашылық ұжымы оңтүстік астана студенттерінің мәдени орталығына айналу туралы жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруда.

 

Байланыс нөмерлері:

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының директорының қабылдау бөлімі

8 (727) 377 34 03

Билеттерді сатып алу бойынша барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға  хабарласа аласыздар:

8 (727) 274 20 62