ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНД. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «КЕРЕМЕТ» СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің университеттік білім беру міндеттерінің негізгі флагманы - жастарды қолжетімді және сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамсыз ету. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы «Аl-Farabi university smart city» - студенттерге арналған ізгілік қаласы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен университет аумағында бой көтерді. Орталықты құру идеясы ұлы ғалым, ойшыл әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды қала туралы көзқарасына негізделген.

 «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы университет қабырғасында ашылған, студенттерге әлеуметтік маңызды қызметтерді ұсыну бойынша алдыңғы қатарлы әлемдік университеттердің ірі қызмет көрсету орталықтарынан қалыспайтын Қазақстанда және Орталық Азиядағы бірден-бір алғашқы орталық болып табылады.

7500 шаршы аумақта орналасқан, қазіргі заманауиғы интерьер мен технология, келушілерге жаңадан автоматтандырылған жүйеде жоғары нәтижелі қызмет көрсетеді. Құрылымы бойынша Орталық ҚР заңдарында көрсетілген оқу-ағартушылық, медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-демалыстық қызметтер ұсынатын павильондар және бөлімдерден тұрады.

Орталықтағы көп функционалды қызметтердің бірі оқу-ағартушылық болып табылады. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамға қызмет көрсететін: тіркеуші кеңсесі, студент кеңсесі, халықаралық академиялық мобилділікті қамтамасыз ету секторы, әскери-жұмылдыру бөлімі, паспорт үстелі, бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімі бар.

Ұсынылатын қызметтерді кеңейту мақсатында электронды үкімет е-gov және университеттің е-Қызметтері зонасын құру жөнінде ХҚКО-мен меморандумға қол жеткізілген. Студенттер мен қызметкерлердің электронды мәдениет пен электронды үкімет қызметтерін пайдалануға қол жеткізу үшін Алматы қ., ХҚКО мобилділік бөлімшесі ашылған.

Медициналық менеджмент және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында заманауиғы медициналық құралдармен жабдықталған, логистикалық жұмысы халықаралық және инновациялық технологияларға негізделген Қазақстан-Корей халықаралық диагностикалық орталығы ашылған. Негізгі бағыты - студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамды бақылаудың толық спектрлі скринингтік зерттеуін ұсыну.

Университеті аяқтай отырып студенттер жұмысқа орналастыру бойынша Мансап және бизнес орталығы қызметкерлерінен қолдау таба алады. Орталықта жұмыс берушілер мен іздеушілердің ортақ базасы шоғырланған.

Жұмысқа орналастырумен қатар, банк, заңгер, туристік фирма, әуе және темір жол кассалары мен ҚР БҒМ қаржы орталығы өз қызметтерін ұсынады.

Орталықта жастар саясатына да орасан зор көңіл бөлініп, мұнда студенттік ұйымдардың көбінің басы біріккен. Бос уақыттарында студенттер кинотеатр, кафе, кітап дүкені, супермаркет, фотостудия, ателье, сән салоны, киім жуатын орын, канцелярлық тауарлар дүкені қызметтерімен қатар өзгеде көптеген қызметтерді ала алады.

Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық университеті «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы «Al-Farabi university smart city» - болашаққа жасалған табысты жоба, жобаның жалғасы Қазақстанның жоғары оқу орындарында осындай аналогты жүйелерді енгізуге және оны жетілдіруге түрткі болады.

Құрметпен, «Керемет»

студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры

Баяндинова Сайран Мухтаркановна