15 студенттер үйінен тұратын ҚазҰУ студенттер қалашығы - жаңа білім белестерін бағындыруға ниет еткен, еліміздің жан-жағынан келген 5500 студенттің басын біріктірген үлкен үй. Сіздерді әрбір студенттер үйінде жылы атмосфера мен үй жылуы күтеді.

ҚазҰУ-ның студенттік үйлерінде және студенттік кампустарында сымсыз желі ғаламтор  WI-FI-ға қолжетімділік бар. Университет қалашығы аумағында білім алу мен демалысты ұйымдастыруға  мүмкіндік беретін толық кешен жұмыс істейді. Оларға: дене шынықтыру залдарымен, спорттық алаң және секцияларымен танымал тамаша спорт кешені, білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, сауда, көңіл-көтерудің  барлық қызметтерін ұсынатын «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, білім алушыларды қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ететін, бірнеше оқу залдары бар мықты кітапхана, 300 орындық ғаламтор-кафе, өзіндік жеке кинотеатр жатады. 

 

ҚазҰУ студенттер үйі студенттердің тұруына қолайлығымен, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Жатақханаларда тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Жатақханаларда демалыс пен сабақ қарауға мүмкіндік жасауға көп көңіл бөлінеді. Жатақханаларда оқу үшін арнайы оқу залдары мен компьютерлік бөлмелер жасақталған. Мәжіліс залы әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған. Жатақханаларда азық-түлік дүкендері, асхана, бірнеше дәмханалар, телефон шоттарын толтыру терминалдары, көшірме орталықтары бар. Жатақхана ғимараты жанында спорттық және көңіл-көтеру алаңдары мен футбол алаңдары  жабдықталған.Студенттік үйлер бақылау камераларымен жарақтандырылған. Бейне бақылау әрбір қабатта жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. Жатақханада тұратындар электронды рұқсат арқылы кіреді. Студенттік үйлер аумағында сағат түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін күзетшілер кезекшілік етеді.

Университет барлық жатақхана қажет етушілерін тұрғылықты орынмен қамтамасыз етуге тырысады. Студенттік үйлер ҚазҰУ кампус аумағында орналасқан. Осы жылы магистранттар мен докторанттар үшін 500 орындық ҚазҰУ жас ғалымдар үйі ашылды.

Жатақханаға орналастыру туралы барлық сұрақтар бойынша факультеттерден мәліметтер ала аласыздар. Студенттік үйлерге орналастыру жыл сайын 25-ші тамыздан басталады.