«Спорттық-сауықтыру кешені» университет қызметкерлері мен студенттерінің денсаулығын жақсартумен айналысуды қаматамсыз етеді. Оқу-жаттығу үрдісін денешынықтыру кафедрасы жүзеге асырады және әртүрлі деңгей мен рангтегі спорттың 22 түрінен жарыстар өткізуді қамтамасыз етеді. Кешеннің жалпы аумағы 7250 шаршы метр. Жеке база жалпылық спортты көтеруге үлкен әсер етеді. Бүгінде университет келесідей спорттық құралдарын ұсынады:

  • 3000 орынды трубиналық алаң (жасыл алаңқайлы футбол алаңы; спорттық ядро; жасанды төсенішті жүгіру алаңы);
  • 300 орынды трубиналық футбол-бейсбол алаңы;
  • Жасанды төсенішті мини-футболға арналған 3 алаң;
  • 2 спорт зал (әрқайсысының аумағы - 680 шаршы метр);
  •  6 ашық теннис корттары;
  • жағажай волейболы алаңы;
  • атлетикалық гимнастика және аэробикамен айналасыуға 2 зал;
  • фитнес-зал;
  • жалпы күрес, бокс, күрес залы (күрес кілемі, татами);
  • ЕДШ үшін дайындық залы;
  • шахмат залы;   
  • арнайы медициналық топтағы студенттер үшін 2 зал;
  • емдік шынықтыру залы;
  •  2  оқу аудиториясы.

Университет студенттері: армрестлинг,  бадминтон, баскетбол, бокс, волейбол (2 бөлім), үстел теннисі, футбол, мини-футбол,  еркін күрес, қазақша күрес, дзюдо, самбо, каратэ-до, таэквандо, жеңіл атлетика, шахмат,  үлкен теннис, кикбоксинг, дартс, ци-гун, «Денсаулық» тобы, тоғыз құмалақ, регби, «Ғылым және спорт» ғылыми үйірмесі сияқты жеке спорттық секцияларда жаттығады.

Спорттық дәстірлер ҚазҰУ-нің білім беруіндегі алғашқы күннен басталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осы жылдары біздің студенттер Олимпиалық ойындарда, Әлем чемпионаттарында, Әлемдік Универсиадалар мен Азия және Еуропа чемпионаттарында ел намысын абыройлы қорғап келеді.

Спорттық аренада дәстүрлі жарыстар ретінде университетік спорттық клубтар өткізетін Ректор кубогы, Қазақстан Республикасының универсиадасы, факультет аралық спартакиада, Бірінші курстар күні және т.б жарыстарды айтуға болады. ҚазҰУ-ң  оқу-спорттық кешені студенттер үшін сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ашық.

Байланыс телефоныіш. 1374

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң спорттық-сауықтыру лагері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қырғызстан Республикасында, Ыстық-көл жағасында спорттық-сауықтыру орталығына ие. Лагер аумағында 5 қабатты 361 түнеу орынды корпус бар.  Тұруға ыңғайлы бір және екі орынды, үш және төрт орынды (люкс, жартылай люкс, тұруға қолайлы нөмерлер) нөмерлер қарастырылған. Қабаттарда жұмсақ диван мен орындықтар мен жабдықталған холлдар бар. Лагердің көп жылғы әрекеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның студенттері мен қызметкерлерінің  емдік-сауықтыру бағытында жасалып келеді.

Байланыс телефоны: 8 (727) 3773384