Аталмыш қызмет басқа ЖОО-нан бұрында оқудан шығарылған студенттерді қабылдау үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қадамдық әрекеттер:

Қабылдауды рәсімдеу үшін Сізге қажеті:

1. Үкімет қаулысымен бекітілген қабылдау ережелерімен танысу (СІЛТЕМЕНІҢ ӨЗІН КӨРСЕТУ).

2.  Қабылдау үшін өтініш толтыру (өтініш үлгісін жүктеу):

  • курсын, факультетін, мамандығын, тілдік бөлімін, оқу формаларын, оқу сатысын көрсету.

3.  Өтінішке тіркеу керек:

  • академиялық анықтаманы;
  • Жеке куәлігінің көшірмесін;
  • 3*4 түсті 1 дана фото.

4. Бухгалтерлік есепке алу және есеп беру басқармасының бөлімшесінде 2 нұсқада келісімшарт жасасу (Керемет СҚКО, Студент кеңсесі, 16 терезе).

5. Академиялық анықтама тіркелген өтінішті және 2 нұсқадағы келісімшартты Керемет СҚКО-дағы Студент кеңсесі, 103 каб. тапсыру.

6. Өтініштің қаралу мерзімі - 5 жұмыс күні.

7. Өтініштің қаралуы нәтіжесінде қалпына келтіруге бұйрық дайындалады. Өтініште сіз көрсеткен электронды мекен-жайға қалпына келтіру туралы хабарлама жіберіледі.

8. Сіздің Қабылданғандығыңыз туралы бұйрық шыққаннан кейін,  Сізге қажеті:

өз факультетіңіз бойынша «Univer» АЖ тіркелу үшін, оқу жоспары бойынша академиялық айырмашылықтарды анықтау үшін, топқа бекітілу үшін Керемет СҚКО-дағы Тіркеуші кеңсесі маманына жолығасыз (Сіз мұнда логин және құпия сөз аласыз).

Уиверситеттің өткізу жүйесіне рұқсат картасын алу үшін Керемет СҚКО-ң СБО-на баруыңыз қажет.

Толыққанды кеңес алу үшін Керемет СҚКО-ң Студент кеңсесінің маманына каб.103, 104 сағ. 9.00-18.00 хабарласыңыз.