1

Әдеби, ғылыми еңбектерге құқықты тіркеу

Әдеби, ғылыми еңбектерге құқықты тіркеуді: кітаптар, оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құрал, монография және т.б. ҚР ӘМ Интеллектуалдық меншікке құқық жөніндегі департаменті (әрі қарай - ИМҚД) жүзеге асырады. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің инновациялық қызмет жөніндегі бөлімі әдеби, ғылыми еңбектерге құқықты тіркеу үшін өтініштерді беру бойынша кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

2

ЭЕМ бағдарламаларына немесе мәліметтер базасына құқықтық тіркеу

ЭЕМ бағдарламаларына немесе мәліметтер базасына құқықтық тіркеу ҚР ӘМ Интеллектуалдық меншікке құқық жөніндегі департаменті (әрі қарай - ИМҚД) жүзеге асырады. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің инновациялық қызмет жөніндегі бөлімі ЭЕМ бағдарламаларына немесе мәліметтер базасына құқықтық тіркеу үшін өтініштерді беру бойынша кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

3

Өндірістік меншікке құқықтықты тіркеу (патент)

ҰИМИ өндірістік меншікке құқықтықты тіркеу (патент) үшін өтініш мәліметтері алынған сәттен бастап 18 ай ішінде қарастырады (орташа уақыт). Осы уақыт аралығында ҰИМИ өтініш мәліметтерін экпертизалау бойынша сұраныстар жасауы мүмкін, бұл сұраныстарға талап етілген уақытта жауап беру керек. Оң жауап болған жағдайда ҰИМИ ҚР патент/ инновациялық патент беріледі, оған авторлық куәлік қосылады. Патент иегері университет (әл-Фараби атын. ҚазҰУ) болып табылатындықтан ҚР патент/инновациялық патент университетте (инновациялық қызмет жөніндегі бөлімде) сақталады, ал авторлық куәлік авторларға беріледі.