Халықаралық академиялық мобильділікті қамтамасыз ету секторының қызметтері:
1. Халықаралық академиялық мобильділік сұрақтары жайлы кеңестер:
Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – кеңес беру.
Қызметтің қаржылық түрі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- жеке куәлік;
- студенттік билет.
2. Қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді академиялық мобильділік бойынша білім алушылардың шетелге іссапары:
Университеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – комиссия хаттамасынан үзінді көшірме (қағаз күйінде).
Қызметтің қаржылық түрі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
Қысқа мерзімді академиялық мобильділік үшін:
- ректордың атына білім алушының шетелге іссапары туралы өтініші (қолмен жазылады);
- тұрақтау уақыты мен мақсаты көрсетілген, шақыртудың нотариальды заңдастырылған мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесі (түпнұсқадағы аударма ғана нотариальды заңдастырылады, сондай-ақ орыс тіліндегі шақырту да нотариальды заңдастырылады);
- білім алушының шетелге шығуына рұқсат бергені туралы факультеттің Ғылыми кеңес шешемі;
- шақырып отырған тараптан іс-тәжірибе бағдарламасы (аударып қажет емес);
- титул парағымен іссапар жоспары (деканмен және кафедра меңгерушісімен қол қойылып, мөр басылған), (елін, қаласын, білім беру мекемесін, мүмкіндіктегі орын ауыстыруларын, тұрақтау мерзімін, мақсатын, міндетін, жоспарланған жұмыс түрлерін көрсету керек);
- шығындар жиыны;
- шетел тілін меңгергені туралы сертификат (аударып қажет емес).
Ұзақ мерзімді академиялық мобильділік үшін:
- үлгі бойынша ректордың атына білім алушының шетелге іссапары туралы өтініші (қолмен жазылады);
- кредиттік технология бойынша білім беру үрдісі бойынша оқу ұйымдарының Ережелерімен бекітілген, білім берушінің үлгідегі өтініші;
- ОДБ-н келісілген жеке оқу жоспары (ДБТ бойынша білім алу жағдайында);
- транскрипт ( тіркеуші кеңсесінен);
- шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
- аударылып нотариальды заңдастырылған, шетелдік оқу орнынан жіберілген шақырту қағазының көшірмесі;
- білім алушымен, қабылдаушы және жіберуші оқу орындары арасында жасалған үш жақты келісім;
- факультеттің Ғылыми кеңесі шешімі;
- шетелге шығу үшін ОМКА-дан бекітілген 082 үлгісіндегі медициналық анықтама.
3. Профессорлық-оқытушылар құрамының және қызметкерлердің шетелге іссапары:
Университеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – комиссия хаттамасынан үзінді көшірме (қағаз күйінде).
Қызметтің қаржылық түрі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
Шақырып отырған мемлекет тарапынан қаржыландырылған жағдайда:
- ректордың атына өтініш;
- шақырту қағазы ( көшірмесі);
- факультеттен шетелдік іссапар барысында сабақтарды ауыстыру туралы ұсыныс хат;
- Ғылыми жобалар/гранттар есебінен қаржыландырылған жағдайда:
- ректордың атына өтініш;
- шақырту қағазы (көшірмесі);
- факультеттен шетелдік іссапар барысында сабақтарды ауыстыру туралы ұсыныс хат (ПҰҚ);
- Ғылыми-зерттеу институтынан ұсыныс хат (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырылған жағдайда).
4. Визалық қолдауды рәсімдеу
Университеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – комиссия хаттамасынан үзінді көшірме (қағаз күйінде).
Қызметтің қаржылық түрі – мемлекеттік бажды төлеуден басқасы ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- толтырылған сауалнама;
- паспорттың көшірмесі;
- оқуға қабылданғаны туралы студент пен университет арасында жасалған келісімшарттың көшірмесі (дайындық курстарын тыңдаушылар үшін);
- оқуға қабылданғаны туралы студент пен университет арасында жасалған келісімшарттың көшірмесі ( ақылы негізде оқуға түскендер үшін);
- университетке қабылданғаны туарлы бұйрықтың көшірмесі (келесі курсқа немесе грантқа ауысқан студенттер үшін);
- әуе билетін брондағанын растайтын құжат көшірмесі (немесе шығу-кіру барысындағы көлік құралының түрі: (тіркеу нөмірі және рейс нөмірі, авто түрі);
- елшілік жинақ төлемі.
5. Визаны қолдану мерзімін ұзарту/шетелге шығу визасын беру
Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – визаны қолдану уақытын ұзарту, шетелге шығу визасын (шетел азаматының ұлттық төлқұжатты алады).
Қызметтің қаржылық түрі – мемлекеттік бажды төлеуден басқасы ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- визаны ұзарту үшін:
- паспорт (түпнұсқа және көшірме);
- оқу жылының келесі курсына ауысқаны туралы бұйрықтың көшірмесі (білім алушылар үшін);
- жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың және еңбек келісімшартының көшірмесі (шетелдік ПҰҚ үшін);
- виза мерзімін ұзарту үшін төлемақы;
- шетелге шығу визасы үшін:
- паспорт (түпнұсқа және көшірме);
- факультет деканының бұрыштамасымен, шетелге шығу себебі мен уақыты көрсетілген бірінші проректордың атына өтініш;
- шетелге шығу визасына төлемақы.
Визаны қолдану мерзімін ұзарту/шетелге шығу визасын беру ҚР ШІМ және ҚР ІІМ Миграциялық полиция органдарымен берілу миграциялық заңнамасына және ҚР виза беру ережелеріне сай орындалады.
6. Шетел азаматтарының уақытша тіркелуін/қайта тіркелуін рәсімдеу
Университеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тіркелу/қайта тіркелуді растайтын құжатты алу (шетел азаматының ұлттық төлқұжатына қосымша).
Қызметтің қаржылық түрі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- паспорт (түпнұсқа және көшірме);
- көші-қон картасы;
- венерологиялық бөлімнен ЖИТС туралы анықтама (түпнұсқа);
- флюорография (көшірме);
- уақытша тұрғылық орынның мекенжайы (уақытша тұрақтау барысында жатақханаға орналасатын болса, жатақханадан анықтама әкелінеді, егерде студент пәтерде тұратын болса, жалға беруші пәтер иесімен жасалған, жалға алу туралы келісімшарттың нотариальды заңдастырылған көшірмесі мен пәтер иесінің жеке куәлік көшірмесі);
- 1-курсқа түскендер үшін оқуға қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесі және келесі оқу жылына қабылданғаны туарлы бұйрық көшірмесі (факультеттер деканатында беріледі);
- үлгідегі толтырылған сауалнама (өзі туралы толық ақпарат: тұрғылықты мекенжайы, қатынас телефон нөмірі және екі туысының нөмірі, e-mail);
- 3х4 сурет – 2 дана.
Шетел азаматтарының уақытша тіркелуін/қайта тіркелуін рәсімдеу ҚР ШІМ және ҚР ІІМ Миграциялық полиция органдарымен берілу миграциялық заңнамасына және ҚР виза беру ережелеріне сай орындалады.
7. Білім алушының шетелдік іссапардан кейінгі орналасуы
Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – шетелдік іссапардан соңғы қаулы.
Университеттік қызметтің көрсетілуі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- ректордың атына өзін шетелдік іссапардан қайтақаннан кейін университетте білім алушылар қатарына қосу туралы өтініш;
- қайта оралуына байланысты,білім алушылар қатарына косылу үшін өтініш;
- метод бөліммен – 1108 каб.келісе отырып проректордың атына факультеттен ұсыныс хат (білім практикасындағы алған тәжірибесі және жұмсалған қаражат жайында);
- мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған,нотариальды бекітілген оқудың аяқталуы туралы сертификат;
- мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариальды бекітілген алған тәжірибесі және төленген кредит туралы транскрипт;
- білім алушының шетелдік іссапар жайлы есебі.
8. Шетелдік іссапар бұйрығы мерзімінің жойылуы/өзгертілуі (студенттер, магистранттар және докторанттар)
Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – шетелдік іссапар бұйрығының жойылуы/өзгертілуі.
Университеттік қызметтің көрсетілуі – ақысыз.
Құжаттар тізімі:
- шетелдік іссапар бұйрығының ауысуы,немесе мерзімнің ауысуы туралы ректордың атына өтініш (өз қолымен);
- мерзімнің өзгерілуі/ауыстырылуы туралы ғылыми кеңестің көшірмесі;
- шетелге іссапар жайындағы негізгі бұйрықтың көшірмесі;
- білім алушының нотариальды бекітілген, мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған шақыру/сертификат шетелдік іссапардың мерзімі/ауыстырылуы туралы рәсім.