ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАЕЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «КЕРЕМЕТ» СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Керемет» Студенттерге Қызмет Орталығы (бұдан әрі – «Керемет» СҚКО) ірі университеттік қызмет көрсету орталығы болып табылады, өзінің құрылымы және функционалдық қызметі бойынша, «бір терезе» және «бірыңғай кеңсе» қағидаты негізінде қызмет түрлерін көрсететін және әлемдік кеңістікте толыққанды аналогы жоқ орталық болып табылады. «Керемет» СҚКО “Al-Farabi university-smart city” атты ерекше ғылыми-инновациялық жоба негізінде ашылған, оның идеологиясы ұлы ойшыл әл-Фарабидің мейірімді қоғам іліміне негізделген. Технологиялық және рухани платформалардың синергизмі негізінде, қоғамның дамуы жаңа сапа деңгейіне көтеріледі. «Керемет» СҚКО - «мейірімділік» үйі, оның ауқымында SMART-UNIVERSITY үлгісі апробациялануда.
Орталықтың практикалық маңыздылығы, бір терезе қағидаты бойынша әлеуметтік маңызы бар 500-ден астам, оқу-ағартушылық, медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-демалыстық қызметтерін ұсыну болып табылады.
Орталықтағы көп функционалды қызметтердің бірі оқу-ағартушылық болып табылады. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамға қызмет көрсететін: тіркеуші кеңсесі, студент кеңсесі, халықаралық академиялық мобилділікті қамтамасыз ету секторы, әскери-жұмылдыру бөлімі, паспорт үстелі, бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімі бар.
Медициналық менеджмент және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, логистикалық жұмысы халықаралық және инновациялық технологияларға негізделген Қазақстан-Корей халықаралық диагностикалық орталығы ашылған. Негізгі бағыты - студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамды бақылаудың толық спектрлі скринингтік зерттеуін ұсыну. Орталықта жастар саясатына да орасан зор көңіл бөлініп, мұнда студенттік ұйымдардың көбінің басы біріккен. Бұл жерде студенттер әлеуметтік қолдау ала алады, академиялық саясат бойынша жауаптар тауып, студенттік іс шараларды өткізіп, қатыса алады.
Бос уақыттарында студенттер кинотеатр, кафе, кітап дүкені, супермаркет, фотостудия, ателье, сән салоны, киім жуатын орын, кеңсе тауарлар дүкені, имидждік өнім дүкені, «Көмек» қоғамдық дүкені, сатушысыз «Адалдық дүкені» қызметтерімен қатар өзгеде көптеген қызметтерді ала алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығы “Al-Farabi university-smart city” - табысты болашақтың жобасы, оның жалғасы Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарында ұқсас жүйелерді жетілдіру мен енгізуді ынталандыратын болады!
Құрметпен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
"Керемет"студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры
Баяндинова Сайран Мұхтарқанқызы