Келтірілген қызмет Студенттер үйіне студенттерді орналастырудың айқындағын жоғарлатуға бағытталған.
Қадамдар:
Студенттер үйінен орынға тапсырыс беру үшін, Сіз келесідей:
1. Онлайн режимінде тіркеу нысанын толтыру (2,3,4 курс студенттеріне на странице е-Қызмет көрсету бетінде, жеке кабинетте)
- Жатақханаға орналасуға артықшылық құқығыңызды құс қанат белгісімен(галочка) белгілеңіз.(Болған жағдайда) Егер болмаса, онда тек өтініш жазып жібересіз.
- Растайтын құжаттармен қоса(8-14 тармақтар)
- Өтініш жібересіз.
2. Сіздің өтінішіңіз мақұлдпнғаны жөнінде жеке кабинетіңізде хабарлама алғаннан кейін, Cізге E-қызмет парақшасында өтінішіңіздің ахуалының жаңартылуын күтуіңіз қажет. Содан кейін орналасу тапсырысыңызды басып шығарып Студенттер үйінің меңгерушісіне бару керек.
3. Студенттер үйінің меңгерушісі тапсырысыңыздың негізінде сізбен келісім-шартқа отырады және сіз банк арқылы тұру ақысын төлеуіңіз қажет.
4. Тапсырысты алғаннан кейін және Білімгерлер үйінде тұру жөніндегі келісім-шарт жасалғаннан кейін, сізге 5 тәулік ішінде орналасу қажет немесе факультет әкімшілігін не себепті қоныстана алмайтыныңызды құлағдар етуіңіз керек, олай болмаған жағдайда кері қайтарылады.
5. Тұру шарты жасалған күннен бастап аптаның ішінде ҚазҰУ-дың емдеу орталығында медициналық тексеруден өту керек.
Қосымша ақпарат алу үшін факультеттің деканатына хабарласыңыз.