«КӨМЕК» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

«Көмек» – халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу үшін, волонтерлік жұмысты ұйымдастырумен айналысатын студенттер қауымдастығы. Ұйым 2010 жылы 10 қарашада құрылды.
«Көмек» қоғамдық қоры - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, түзету мектептерінің балаларына, онкологиялық және аутизммен ауыратын науқастарға, сондай-ақ еріктілердің көмегін қажет ететін, қарт адамдарға еріктілер көмегін ұйымдастыруға негізделген. Бұған мәдени қарым-қатынасқа, бітімгершілікке, жанжалдарды шешуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бейресми білім беру аясында балалармен жұмыс істеу де кіреді. Сондай-ақ балалар үйінен жиі шықпайтын, көңіл бөлу, сүйіспеншілік, қарым-қатынас және үйдегі жайлылық жетіспейтін балалармен жұмыс істеу. Олар жабық жерлерде тұрады және өмірде нашар бағдарланған, сыртқы әлеммен байланысынан айырылған, сондықтан олармен үнемі жұмыс істеу керек. Біздің қор тұрақты студенттер командасы бар көптеген балалар үйін қамтиды.
Мақсаттар:
1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында, әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамыту өзара көмек пен қолдау көрсету;
2. оқушылардың бойында отансүйгіштік, көшбасшылық қасиеттерді, экологиялық, эстетикалық, этикалық және еңбек тәрбиесінің негізін қалау;
3. моральдық және физикалық көмек көрсету;
4. балалардың аурумен күресуге деген құштарлығын арту;
5. Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық (репетиторлық) көмек көрсету.

 

Ұйым төрағасы: Әзбергенова Марта Гайдарқызы
► Байланыс телефоны: +7708 217 49 45