«ЖОҒАРЫ СТУДЕНТТЕР КЕҢЕСІ»


Бұл ұйымның басты мақсаты – университет қалашығының көркеюіне үлес қосу ғана емес, жатақхананың тәртібі мен тазалығын қадағалау, сонымен қатар іс-шаралар (спорт саласында, түрлі тақырыптағы пікірталас, ойын-сауық кештері), студенттердің қызығушылығын ояту және жатақхана өмірін жандандыру мақсатындағы жарыстар жанды әрі бай түрде ұйымдастыру. Жоғары студенттік кеңес студенттерді белсенді өмірге қызықтыру мақсатында белгілі ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен және қазақ эстраасының жұлдыздарымен кездесулер ұйымдастырып, конференциялар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер өткізеді. Осылайша, жастарды дамытуда жоғары студенттік кеңестің алатын орны ерекше.

Мақсаттары:

- университетте студенттер мен жастардың өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;
- жатақханада тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
- студент жастардың патриоттық рухын үйлесімді дамыту;
- бүкіл қоғам игілігі үшін, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Ұйымның функциялары:

- жоғары студенттік кеңестің жоспарын құру, сонымен қатар жатақханалардың жылдық жұмыс жоспарының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
- жатақханада тұратын студенттердің аттестаттау жұмыстарын бақылау;
- студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша шешімдерді бақылау;
- жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
- жатақханада тұратын студенттерді университет пен жатақхананың мәдени және басқа да шараларына тарту;

 

Ұйым төрағасы: Қуаныш Нұрай Қуанышқызы
► Байланыс телефоны: +7 707 146 30 36