Бұл қызмет Алматы қаласының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына ұсыну үшін университетте оқитындығы туралы анықтама алу процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қадамдық әрекеттер:

Сіз талап етілген жерге ұсыну үшін әл-Фараби атын. ҚазҰУ-да оқып жатқаныңыз туралы анықтама алу үшін сізге қажет:

1. Онлайн-режімде өтініштің тіркеу нысанын толтыру, анықтаманың қайда ұсынылатынын көрсету.

2. Өтінім 2 жұмыс күні ішінде қаралады.

3. Өтінім берген сәттен бастап 3 күн ішінде дайын анықтаманы Сіз «Универ» жүйесіндегі өз парақшаңызда онлайн-режімде ала аласыз.

4. Анықтаманың бұл санаты жеке QR-коды бар арнайы бланкіде дайындалады.