Бұл қызмет Алматы қаласының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, өкілетті ұйымнан мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына ұсыну үшін университетте оқитындығы туралы анықтама алу процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қадамдық әрекеттер:

Сіз талап етілген жерге ұсыну үшін әл-Фараби атын. ҚазҰУ-да оқып жатқаныңыз туралы анықтама алу үшін сізге қажет:

1. Онлайн-режімде өтініштің тіркеу нысанын толтыру, анықтаманың қайда ұсынылатынын көрсету.

2. Өтінім 2 жұмыс күні ішінде қаралады.

3. Өтінім берген сәттен бастап 3 күн ішінде дайын анықтаманы Сіз «Универ» жүйесіндегі өз парақшаңызда онлайн-режімде ала аласыз.

4. Анықтаманың бұл санаты жеке QR-коды бар арнайы бланкіде дайындалады.