Аталмыш қызмет университетте білім алушылардың әскери есебін жүргізу процесін ұйымдастырудың тиімділігін аттыруға бағытталған.

Қадамдық әрекеттер:

1.    Жеке куәліктің, әскери билеттің (барлық толтырылған беттер) немесе шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік - тіркеу куәлігін (бірінші бет және мөртаңбасы бар беттер) сканерленген нұсқасын тіркеу;

2.    Толық кеңес алу үшін сіз сағ. 09.00-18.00 аралығында «Керемет» СҚКО, 106 каб. әскери жұмылдыру бөліміне хабарласуыңызға немесе 3773333 (іш.11-28) телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

-  әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (тіркеу куәлігі);

-  жеке куәлік.

Ескертпе: Тұрғылықты жері және (немесе) әскери есепке қою орны өзгерген, әскери билеті, шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігі (тіркеу куәлігі) жоғалған жағдайларда сізге айыппұлдарды болдырмау үшін Кереметтегі әскери-жұмылдыру бөліміне үш күн ішінде хабарласу қажет.