Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – шетелге  шығу тәжірибесі бойынша алдын ала төлем есебі.

Қызметтің қаржылық түрі – ақысыз.

Құжаттар тізімі:

  • аты-жөнімен паспорттың бірінші бетінің көшірмесі, шетелге шығу барысында елге кіру және қайта шығу ( Қазақстан және басқа да мемлекеттер) белгісі және визасы бар беттердің көшірмесі;
  • іссапарлық демалыс барысында жолдың барып-қайту шығынын анықтайтын бұйрықта көрсетілген құжат: фискальды чек, электронды билет, отыру талоны (эконом кластағы әуе билеті), автобусқа, пойызға билет;
  • тұрғын үй жалдағанын растайтын құжат:

- фискальды чек немесе банктік карточкадан алғанын растайтын мөрлі көшірме, қонақ үй  есебі, фирмалық парақта төлем жасағаны туралы шот-фактура (университет жатақханасында немесе қонақ үйде тұрған жағдайда);

- іссапарға барушы егерде қонақ үйге орналаспай, пәтер жалдаған жағдайда, міндетті төлем жасалғаны туралы  түбіртек және жалға берушімен жасалған нотариальды бекітілген келісімшартты әкелу міндетті (төлем жасалғаны туралы құжаттар растайтын құжатсыз жарамсыз саналады);

- сақтандыруға төлем – фискальды чек немесе банктік мөрмен көшірме және сақтандырудың түпнұсқасы;

- визаға төлем – елшіліктің ресми парағы, егер виза турфирма арқылы рәсімделген болса, фискальды чек және шот-фактура;

- сапар туралы есеп – деканат мөрімен, ғылыми жетекшілер, кафедра меңгерушілерімен бекітілген есеп.