Аталмыш қызмет университетаралық келісім/келісімшарт немесе бірлескен жобалар аясында білім алушылардың академиялық мобилділік үрдіс ұйымдастырудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған.
Қадамдық әрекеттер:
Ұзақ мерзімді академиялық мобилділік аясында шетелге іс-сапар ұйымдастыру үшін Сізге қажет:
1. Онлайн режімде өтініштің тіркеу формасын толтыру.
2. Қажетті құжаттарды тіркеу.
3. Егер Сіз республикалық бюджет есебінен шетелге іс-сапарға шығатын болсаңыз немесе басқада қаржы көздерімен баратын болсаңыз (ҒЗИ және БҒМ жобалары) Сізге шетелге іс-сапар нормаларына сәйкес шығындар есебін дайындау қажет. Толық ақпарат алу үшін Сізге Қаржы бөліміне хабарласу керек (Ректорат, 606 каб.,).
4. Егер Сіз ҚазҰУ білім беру бағдарламасын ДБТ жалғастыратын болсаңыз, Сізге Қашықтықтан білім беру орталығына хабарласу керек (Ректорат, 201 каб.,).
5. Толыққанды кеңес алу үшін Керемет СҚКО, Халықаралық қамтамсыз ету және академиялық мобилділік секторы, 102-а каб. сағ. 9.00-18.00 хабараласыңыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- хат-шақыру;
- білім алуға үш жақты келісім;
- ағылшын тілін білетіні туралы сертификат;
- 082 медициналық анықтама формасы;
- Факультеттің ғылыми кеңесінен шешімінен үзінді;
- жоба есебі (шектеулермен).
Университеттің талаптарына сәйкестікті тексерудің автоматты процедуралары:
- табысты біткен академиялық кезеңнің саны: 1 жылдан кем емес;
- үлгерім: GPA 2,67-ден төмен емес; білім беру бағдарламасы бойынша қарыздарының болмауы;
- магистранттар үшін ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат: TOEFL - 437-ден төмен емес (жазбаша), 123 (СВТ), 41 (іВТ); IELTS - 4-тен төмен емес;
- докторанттар үшін ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат: TOEFL - 477-ден төмен емес (жазбаша), 153 (СВТ), 53 (іВТ); IELTS - 5-тен төмен емес;
- ағымдық мерзім бойынша оқу төлеміне қарыз болмау;
- студенттер үйінде тұрғаны үшін қарыздардың болмауы;
- грантта оқитын магистранттар үшін шығын есебі 300 мың тг. аспауы керек; докторанттар үшін шығын есебі 800 мың тг. аспауы керек және АҚШ, Канада және Австралияға баратындар үшін 900 мың тг. аспауы керек.