Аталмыш қызмет (F-қанағ.) академиялық қарыздарды жоюды ұйымдастыру үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Білім алушыға курсқа төлейтін қаражатын есептеуге және қай пәндер бойынша оқу қажет болатындығы жөніндегі шешімдерді қабылдауға көмектесетін «Оқу ақысының бағасын есептеу калькуляторы» сервисін құрастыру қажет.
Ескерту: Қызмет ақылы.
Қадамдық әрекеттер:
Академиялық қарыздарды жою үшін Сізге қажеті:
1. Пәнді қайта оқу ұйымдастырылуының ережелерімен және Ағымдағы және жазғы семестрлерді ұйымдастыру ережелерімен танысу.
2. Онлайн режимінде тіркеу формасын толтыру:
- Академиялық қарызы бар пәндерді таңдау (ағымдағы күзгі/көктемгі семестрде 6 кредиттен көп емес және жазғы семестрде 9 кредиттан көп емес);
- Семестрді таңдау - ағымдағы (күзгі/көктемгі) немесе жағзы (1-ші/ 2-ші);
- Өтінішті қарастыруға жіберу;
3. Жеке кабинетте Сіздің өтінішіңіз қабылданды деген хабарлама алғаннан кейін Сізге қажеті:
- факультет деканатындағы методистке өтініш бланкісіне (жүйеден басып шығарып) қол қойдырту;
- факультет деканатындағы методисттен Академиялық қарыз пәндерді қайта оқу қызметін ұсыну келісімшартымен танысу және қол қою;
- Академиялық қарыз пәндерді қайта оқу қызметін ұсыну келісімшартындағы қосымшада көрсетілген сумманы банкке төлеу;
- квитанцияны факультет деканатындағы методистке тапсыру.
4. Аталмыш қызметтің қорытындысы бойынша Сізді пәнді қайта оқу тобына қосады. Сабақ кестесін жеке кабинеттен көруге болады.
Толығырақ мәлімет үшін Сіз СҚКО-ның Тіркеуші кеңсесінің маманына сағ. 9.00 - 17.45 аралығында жолыға аласыз.
Қажетті құжаттар жинағы: Жоқ