Студент кеңсесінің қызметтері:

1.    Дипломның телнұсқасын беру

Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – дипломның телнұсқасы (қағаз тасымалдағышта).

Қызметтің қаржылық түрі ақылы (тіркеуші жинағы үшін салық салу нысанына жергілікті тіркеу орны арқылы университет қаражатына банктік қызметтер түрін көрсететін банк немесе басқа ұйымдар арқылы 7500 теңге төленеді).

Құжаттар тізімі:

  • бекітілген үлгідегі дипломның телнұсқасын беру туралы өтініш;
  • жеке тұлға және толық құқылы өкіл үшін жеке тұлғасын растаушы құжат (құжаттардың түпнұсқасы қызмет алушының тұлғасын растау үшін қажет);
  • көшірменің құқықтық жарамсыздығы туралы хабарландыру жарияланған облыстық немесе республикалық газеттер нұсқасы;
  • дипломның телнұсқасын беру үшін төленген жинақ құнын растайтын құжат.

Қызметті алушы бекітілген уақытта университеттік қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, қызмет көрсетуші тарап нәтиженің бір ай уақыт аралығында сақталуын қамтамасыз етеді, осыдан кейін нәтижені университеттің құжаттарды сақтау және мұрағаттық анықтамалар беру  бөліміне (әрі қарай – мұрағат) сақтауға жібереді.

2.    Білім алушылардың құжаттарының көшірмесін беру (орта білім туралы аттестат, білімі туралы дипломдар, ҰБТ немесе КТ сертификаты, білім грантын алу туралы куәлік).

Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – білім алушылардың құжаттарының көшірмесі (қағаз тасымалдағышта).

Қызметтің қаржылық түрі ақысыз. 

Құжаттар тізімі:

  • факультет деканының бұрыштама қарарымен белгіленген үлгідегі құжаттардың көшірмесін беру туралы өтініш;
  • студенттің білім алушы екенін растау үшін және оның жеке ісінің нөмірін білу үшін студенттік билет;
  • жеке куәлігі, кету парағы, сынақ кітапшасы, студенттік билет (университетті бітірушілер мен оқудан шығарылған студенттерге құжаттарды беру).

Сынақ кітапшасы немесе студенттік билет жоғалған жағдайда табылған заттар үстелінен анықтама әкелінеді. Құжаттар студенттердің өзіне немесе нотариалды түрде сенім хат бекітілген тұлғаға беріледі. 

3.    Нақты бір студенттің сұранысы бойынша жауап хат беру

Көрсетілген университеттік қызметтің нәтижесі – оқу ісі жөніндегі проректормен жазылған белгілі студент бойынша жауап хатты (қағаз тасымалдағышта) сұрау мекемесіне беру.

Қызметтің қаржылық түрі ақысыз.

Құжаттар тізімі – жоқ.