Аталмыш қызмет университетте оқитыны туралы анықтама алу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.  Анықтама келесі орындарда көрсету үшін беріледі:   

  • Алматы қалалық Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталығына;
  • Елшілікке;   
  • Көші-қон полициясына;  
  • талап еткен орындарға (банкке және т.б., ҚазҰУ-ң визалық бөлімінде паспаспортта тұрғанын растау үшін, оқу кезінде студенттердің тіркелгенін растау үшін);
  •  Қорғаныс ісі жөніндегі басқарма бөліміне.

Қадамдық әрекеттер:

Талап еткен орындарға көрсету мақсатында Сіздің әл-Фараби атын. ҚазҰУ-нде оқитыныңыз туралы анықтама алуыңыз үшін Сізге қажеті:

1. Онлайн режімде өтінішті тіркеу формасын толтырып, анықтаманы қайда көрсететіңізді белгілейсіз.

2. Өтініш 2 жұмыс күні ішінде қаралады.

3. Дайын болған анықтаманы Сіздің жеке кабинетіңізден 3 күн ішінде жүктей аласыз.

4. Бұл анықтама жеке нөмірі бар арнайы парақта дайындалады және оны біздің порталдан кез келген уақытта тексеруге болады. Парақ үлгісі ҚР заң ұйымдарында тіркелген.